«Ауруханаға жібермей қойған»: Күйеуі аяусыз соққыға жыққан әйел қайтыс болды

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2025, 14:13
716
«Ауруханаға жібермей қойған»: Күйеуі аяусыз соққыға жыққан әйел қайтыс болды freepik.com

Әйел ауыр халде бірнеше күн үйінде жатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда күйеуі әйелін бірнеше күн бойы ауруханаға жібермей, соққыға жыққан. Салдарынан 27 жастағы Шахноза ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы El.kz жазды.

Оқиға Самарқанд облысында болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, 2025 жылдың 6 қаңтарында Шахнозаны күйеуі аяусыз ұрып-соққан. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінбеген, алдымен жергілікті махалладан көмек сұраған. Алайда махалла да, басқа жергілікті органдар да ешқандай шара қолданбаған.

Осылайша, Шахноза ауыр халде бірнеше күн үйінде жатқан. Тек 12 қаңтарда анасы Ресейден оралғаннан кейін ғана оны ауруханаға жеткізген. Бірақ дәрігерлер зорлық-зомбылық белгілеріне қарамастан, тиісті медициналық көмек көрсетпеген.

Осы уақытта күйеуі ауруханаға келіп, әйелін видеоға түсіріп, оны ұрмағанын айтуды талап еткен. 1 ақпан күні Шахнозаның жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Марқұмның артында үш баласы қалды. Ал оның күйеуі әлі де бостандықта жүр. Туыстары тергеу амалдарының әділ жүргізілмей жатқанын айтып, шағымданды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды