«Шауып, тоңазытқышқа сап қойған»: Досын «зажигалка» үшін өлтірген екі еркек сотталды

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2025, 16:09
774
«Шауып, тоңазытқышқа сап қойған»: Досын «зажигалка» үшін өлтірген екі еркек сотталды stan.kz

Сотталушы ас үй пышағымен бөлшектеп тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында адамның денесін ас үй пышағымен бөлшектеп тастаған ер адам және қылмысты хабарламаған танысы сотталды. Олар оттықты таппай дауласып, кейін араларындағы ер адамды пышақтап өлтірген. Қылмысты жасыру үшін оның денесін бөлшектеп, тоңазытқышта сақтаған. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Іс материалдарына сүйенсек, қылмыс 25 қыркүйекте Хромтау ауданында болған. Сотталушы Панаскин кешкі сағат 23:00 шамасында танысы Михаил Лукиннің үйіне келген. Үйде ортақ танысы 1982 жылы туған Денис Кузменко болған. Бірге ішімдік ішкен.

Араларындағы жанжал оттықты таба алмаудан басталған. Олар оттықты кім алғанын білмей, өзара сөзге келген. Панаскин бірнеше рет жұдырығымен Кузьменконы ұрады. Кейін пышақты алып, бір рет сұғып алады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Кейін Панаскин мен Лукин пәтерден кетіп қалған.

27 қыркүйек күні шамамен сағат 03:00-де Лукин аса ауыр қылмысты жасыру үшін пәтерге келіп, Лукиннің ізін жасыру үшін денені мүшелеуді ойлайды. Денені жуынатын бөлмеге апарып, аяқ-қолын кесіп алады. Оны карьерге апарады. Кейін дененің өзге мүшелерін бөліп, иіс шықпас үшін тоңазытқышқа салған.

Қанды оқиғаны жоғалған адамды іздеу кезінде полиция анықтады.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен Хромтаудағы оқиғаға қатысты үкім оқылды. Екі ер адам жуынатын бөлмеде адамның басы мен төменгі жағын бөлшектеп тастаған. Олардың бірі жасаған ісі үшін өкінетінін айтты. Ал екіншісі сот үкімімен келіспеді.

Қылмыстық іс бойынша 38 және 40 жастағы екі сотталушыға екі түрлі баппен айып тағылды.

“Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сүйенсек, Лукин мен Панаскин психикалық ауруға шалдыққан. Ішімдікке тәуелді. Панаскин мен Лукин ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделіп, психиатрдың қарауына алынады. Константин Панаскин қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен (кісі өлімі) бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Михаил Лукин Қылмыстық одекстің 439 бабы (қылмысты жасырып қалу) бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын“, – деді судья Сабыров.

Екеуі де жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды