Алматыда A-Parking ісі бойынша сот үкімі шықты

06.03.2023, 19:17
593
Алматыда A-Parking ісі бойынша сот үкімі шықты

Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен Alan Parking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сотта анықталғандай, сотталушы П. «А» ЖШС директоры бола тұра, жауапкер Б-мен алдын ала сөз байласып, бір топ адаммен бірге 225 630 072 теңге («П» ЖШС шотына автотұрақ ақысынан түскен) қаржыны жымқырған.

Бұдан бөлек сотталушы Б. «А» ЖШС бас директоры бола тұра, іздеуде жүрген адаммен алдын ала келісіп, бір топ адаммен автотұрақтан жиналған 190 078 778 теңге сомасында аса ірі көлемдегі ақшаны ұрлаған.

Сотталушылардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке жалпы сомасы 436 040 706 теңге болатын, қос компанияның пайдасының 30% мөлшерінде дивиденд түспеген.

«Сотталушы Б. басқа адамдармен топтасып, ұрлық жасағаннан кейін 391 651 076 теңге ұрланған қаражаттың бір бөлігін жалған мәміле жасап, заңдастыру арқылы заңды айналымға түсірген» деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі қарау барысында мемлекетке келген зиян толық көлемде өтелді.

Сотталушылардың кінәсі экономикалық сараптамамен, аудиторлық қорытындымен, куәлардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Айта кетсек, сотта айыпталушылар ақылы автоматтандырылған автотұрақ енгізу жобасының мемлекетке тиімді екенін көрсетіп, кінәсін мойындамады.

Олардың айтуынша, мемлекет өз тарапынан бұл жобаға ақша салмай, салық айыппұлдары мен дивиденд түріндегі жеңілдіктерге ие болған.

Прокурор соттан айыпталушыларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Үкім тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, бұрын соттылығының болмауын және мемлекетке келтірілген зиянды толық көлемде өтейтінін ескерді, сотқа дейінгі тергеу органдары ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ»,- делінген хабарламада.

Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қылмыстық рөлін, жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, сот Пірінбековті 5 жылға, Базарбаевты 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге үкім етті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық,14 сәуір күні «Alan Parking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынған болатын.

Кейін ақылы автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды