Әнші Кәмшат Жолдыбаева ана атанды
Кәмшат Жолдыбаеваның тұңғышын өмірге әкеліп, қызды болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Желі қолданушы өнер иесінің жеке парақшасындағы фотосының астына ақ тілектерін жаудырып жатыр.
“Бөпеңіздің бауы берік болсын!", "Мен де естідім, біздің Ақтөбеде енесімен тұрып жатыр екен. Босанған шығар", “Қырқынан шықты", – деп жазды көпшілік.
Ақпаратты журналист Анна Данченко да бөлісіп, сәбидің жынысын айтты.
“Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!”, – деді медиа өкілі.

Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор