«Қарақатымызға Алла бақ берді»: әкесін арқалаған Қыдырәлі Болманның ұлы көпті тамсандырды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.02.2025, 18:45
1802
«Қарақатымызға Алла бақ берді»: әкесін арқалаған Қыдырәлі Болманның ұлы көпті тамсандырды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әкелеріңе қандай құрмет көрсетсеңдер де жарасады дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қыдырәлі Болмановтың ұлдары әкелерін арқалап алған видеосы желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Видеоны өнер иесінің әйелі Қарақат Әбілдина жеке парақшасына жүктеді. 

“Аллаға шүкір, кешегі сүт сәбилер бүгін, міне, әкелерін арқалауға жарап қалыпты.

Дұрыс-ақ! Нардың жүгін, ардың жүгін арқалаған әкелеріңе қандай құрмет көрсетсеңдер де жарасады, құлыншақтарым. Сендер де ел сенімін ақтаған, алғыс, абырой арқалаған азаматтардың қатарынан болғайсыңдар деп тілейді аналарың. Осындай шынайы сәттерге менің жүрегім елжірейді. Бала деген тез өседі екен, парақшама салып естелікке сақтап қояйын дедім. Баршаңызға жақсылық тіледік”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнерлі отбасының өмірін көпке үлгі етіп жатыр. 

“Менің риза болатыным: Қарақаттың ерін мықты сыйлайтыны, әрқашанда құрмет тұтып көтермелеп отыратыны. Бұл – отбасының ең үлкен құндылығының бірі. Қарақаттың анасынан алған тәрбиесі, ақылы әрбір шаңырақтың келіндеріне үлгі болса екен. Ыстық жанұяның жылулығын ұл-қыздары бойына сіңіріп өседі. Балалардың балалық шақтары еш өкінішсіз өтері анық. Қарақатымызға Алла бақ берді, осы бақ жалғасын тауып, келіндері адал, ибалы келіндер болып, әрқайсысы әр үйдің шамшырағына айналған үлкен әулетті ана болсын”, – деп тілек білдірді Гүлзира Айдарбекова. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды