798

Бангладештегі босқындар лагері алапат өртке оранды

Бангладештегі босқындар лагері алапат өртке оранды. Жалын 3 мыңдай палатканы шарпыған.

Бангладештегі босқындар лагері алапат өртке оранды

Негізгі денсаулық сақтау орталығы күлге айналды. Жергілікті полицияның мәліметінше, оттың тұтануына не себеп болғаны белгісіз, деп жазады smartnews.kz сайты qazaqstan.tv сілтемеге жасап.

Жалын шарпыған лагерде 1 миллионнан астам Рохинджа босқыны тұрады.

Олар Бангладешке 2017 жылы Мьянмадағы қуғын-сүргіннен қашып барған.