Мүгедек жігітті зорлау ісі: адвокат істе түсініксіз жайттар көп екенін айтты

13.02.2025, 12:28
682
Мүгедек жігітті зорлау ісі: адвокат істе түсініксіз жайттар көп екенін айтты pixabay.com / stevepb

Адвокат Ажар Әбділ Ақтауда жігіт зорлау дерегі бойынша тағы мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 18 жастағы мүгедек жасөспірімді зорлау фактісі бойынша қылмыстық істе түсініксіз жайттар көп, дейді адвокат Ажар Әбділ өзінің жаңа мәлімдемесінде. Қорғаушы бұл келеңсіз оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары түсініктеме беріп, жан-жақты тергеу жүргізеді деп үміттенеді.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ тағы бір мәлімдеме жасап, 18 жастағы мүгедек баланың жарақаттануына әкеп соққан оқиғаның кейбір мәліметтерімен бөлісті.

«27-28 желтоқсан аралығында түнгі сағат 02:00 шамасында жәбірленушінің анасының айтуынша, ол қылмыс туралы арыз жазу үшін полицияға барған. Оның өтініші қабылданбаған. Ол ұлымен бірге үйге қайтқан. Содан таңғы сағат 4:00 шамасында оны полиция тергеуге алып кетеді. 

Алайда, проктологтың тексеруі 2025 жылдың 2 қаңтарында, яғни зорлаудан кейін бес күннен кейін ғана өтеді. Бұл маңызды сәттерді соншалықты ұқыпсыз және жауапсыз қалай өткізіп жіберуге болады?

Полицейлер түсініктеме беріп, жан-жақты тергеу жүргізеді дегенге сенгім келеді. Жәбірленушінің анасының қолында бірде-бір процессуалдық құжат жоқ. Біз жағдайдың қалай болатыны туралы түсінбей әлекпіз.

Полиция департаменті барлық сараптамалар тағайындалғанын, бірақ жәбірленушінің сот-психологиялық сараптамасы әлі жүргізілмегенін айтады. Бұл стандартты процедуралар. Кез келген курсант жеке басына қарсы қылмыс жасағанда, басқалардан бөлек, осы арнайы сараптаманы тағайындау қажет екенін жатқа біледі. Бұл істе түсініксіз жайттар көп», – деп жазды Ажар Әбділ Facebook желісінде.

Еске салайық, бұған дейін қорғаушы Ақтауда 18 жастағы мүгедек бала ұрланып, зорланғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, қылмыстан кейін құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тартып алып, іс бойынша тиісті сараптама тағайындамаған.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді