595

Оңтүстік Африкада бір сәтте 40 көлік соқтығысты

Оңтүстік Африка Республикасында бірден 40 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оңтүстік Африкада бір сәтте 40 көлік соқтығысты

Олардың кейбірі мүлде жарамсыз күйге түссе, енді бірі қатты зақымданды.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жол апаты кезінде бірталай адам ауыр жараланып, госпитальге түскен.

Соқтығысқан машиналар легі бір шақырымға созылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін медициналық тікұшақ шақырылды.