890

Тарбағатайда қыз балағат сөздер айтқан өз әкесін соттатып жіберді

Ер адам айтқан сөздері үшін жазаланды.

Тарбағатайда қыз балағат сөздер айтқан өз әкесін соттатып жіберді
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында қызына балағат сөздер айтқан ер адам жауапқа тартылды.

YK-news.kz хабарлауынша, әкімшілік істі Тарбағатай аудандық соты қарады. Ауыл тұрғыны бір бөтелке арақ ішіп, қызына балағат сөздер айтқаны анықталды. Қыз полицияға хабарласқан.

"Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша хаттама толтырылып, оның қатты масаң күйде болғаны анықталды", - деп жазды басылым.

Материал авторы