2196

Ер адам өзінің жаңа туған баласының мәйітін даладағы әжетханадан тауып алған

Отбасы егіз күтіп жүрген екен.

Ер адам өзінің жаңа туған баласының мәйітін даладағы әжетханадан тауып алған
Shutterstock / Mahsun Yildiz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ер адам өзінің жаңа туған нәрестесін қазылған құдықтан тауып алған.

Ресейдің Ленинград облысына қарасты Ломоносов ауданындағы жеке үйде тұратын отбасы егіз күтіп жүрген. 34-аптада жүкті әйелдің толғағы қысып, ол мерзімінен бұрын босанған.

Жедел жәрдем келгенге дейін ол сырттағы әжетханаға барып, сол жерде босанып қойған. Оқиға орнына келген дәрігерлер анасы мен баласын перзентханаға алып кеткен.

Сонан соң сол үйдің отағасы әжетханаға барғанда құдықтан нәрестені көрген. Сәбидің өліміне не себеп болғанын анықтау үшін оның денесі сараптамаға жіберілген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор