«Буллинг емес»: Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

Аиса Махамбет Редактор
14.02.2025, 18:20
843
«Буллинг емес»: Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады Sputnik / Тимур Батыршин

Ұлының өлімін анасы кешкі асқа шақырғанда бір-ақ білген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шалқар ауданы Тоғыз орта мектебінің оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі кезде полиция іс қозғап, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Kazinform жазды.

Оқиға 17 қаңтар күні оқушының өз үйінде болды. Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башановтың айтуынша, сол күні оқушы өзін жайсыз сезініп, сабаққа бармаған. Ал кешкілік мал жайлап, анасы сиыр сауып, ішке кіріп кетеді. Кешкі ас әзірлеп, күткенімен бала келмей, анасы артынан барады. Сол кезде суицид жасағанын көреді.

— 10-сынып оқушысы толық отбасында тәрбиеленді. Әкесі теміржолда жұмыс істейді, анасы мектепте мұғалім. Хат анықталмады. Оқушы белсенді болған, спортпен шұғылданған. Оны ата-аналары да, ауыл тұрғындары да айтып тұр. Бұл ешқандай да буллинг емес, — деді Аянберген Башанов.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Полиция да буллинг анықталмағанын айтып отыр. Дегенмен «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы арнайы жоспар құрып, түрлі кездесу өткізді.

— Тоғыз орта мектебінің 8-11 класс білім алушыларына, ата-аналар мен педагогтеріне «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы жоспарлы түрде әдістемелік-психологиялық терапиялық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Педагог-психологқа әдістемелік көмек көрсетілді. Әрбір оқушымен жеке әңгімелесу және сұхбаттасу ұйымдастырылды, ата-аналармен кездесу өткізілді. Биыл 25 қаңтарда облыс әкімінің кеңесшісі, прокуратура, полиция департаменті, облыстық білім басқармасы өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, психологиялық қызметке жауапты әдіскерлер, сондай-ақ 130-дан астам жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының қатысуымен жасөспімдер арасындағы буллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар барысында қатысушылар бала құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға байланысты өзекті мәселелерді талқылады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды