Журналистерге шабуыл: 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды

07.03.2023, 13:11
637
Журналистерге шабуыл: 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды

БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау ісі бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Журналистерге жасалған шабуыл фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 22 адам ұсталды. Қазір оның жетеуі қамауда, қалғандарына жасын ескере отырып, қоғамнан оқшаулануға қатысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған іске қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар шабуыл жасау фактілері бойынша процедуралық тұлғалар да бар», - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, жәбірленген журналистер істі тергеу барысына қатысады.

«Әріптестеріңіз бұл процеске қызығушылық танытуда, олар іс процесіне қатысу мәртебесіне ие. Сұрақтарын қойып, белсенді қатыса алады. Сол сияқты белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініш жасай алады. Сондықтан тергеу әрекеттерінің басталуы ғана жүріп жатыр, басқа фактілер мен мән-жайлар пайда болған кезде, біз қолданыстағы іс жүргізу заңнамасы шеңберінде міндетті түрде хабардар етеміз», - дейді министр.

Еске салсақ, ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті.

Сондай-ақ, журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген шетел азаматы 2 айға қамауға алынды.

Бұған дейін журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталғаны белгілі болды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды