«Санаторийде жатқандай»: Айтбек Амангелді түрмеде тойлатқандарды сынға алды

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2025, 10:51
538
«Санаторийде жатқандай»: Айтбек Амангелді түрмеде тойлатқандарды сынға алды бейнежазбадан алынған кадр

Шерзаттың отбасына көмек көрсетіп жүрген Айтбек Амангелді министрлікті қатаң сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзаттың отбасына құқықтық көмек көрсететін қоғам қайраткері Айтбек Амангелді тергеу изоляторындағы жағдайды санаториймен салыстырды.

Қоғам қайраткері Айтбек Амангелді түрмеде туған күн тойлағандарға қатысты пікір білдірді. Ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін сынға алды. 

Желіде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде туған күн тойлап отырған видео тараған болатын.

Бейнежазбада жас жігіттердің “Алиса” яндекс-станция арқылы музыка қойып, би билеп, торттағы шырақты үрлеген сәттерін байқауға болады.

Шерзаттың отбасына құқықтық көмек көрсететін қоғам қайраткері Айтбек Амангелді тергеу изоляторындағы жағдайды санаториймен салыстырды.

“Видеоға қатысты айтсам, біз не үшін заңға сүйеніп, заңгер жалдаймыз? ІІМ, прокуратура, тергеу, ары қарай сот не үшін керек, егер біз қамауға алынғандарға санаторийдегі сияқты жағдай жасасақ? Әділдік қайда? Түрмеде де сол, барып тұрған заңсыздық”, – деді ол.

Қоғам қайраткері бұл туған күн тойлайтын орын емес, түзету мекемесі екенін атап өтті.

“Бұл демалып жататын және туған күн тойлайтын орын емес, түзету мекемесі екеніне көз жеткізу үшін тұтқындарды ұстау орындарына қоғамдық бақылау енгізу қажет, - деді Айтбек Амангелді.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді