Түрмедегі мыңнан астам әйелге рақымшылық жасалмақ

17.02.2025, 12:33
541
Түрмедегі мыңнан астам әйелге рақымшылық жасалмақ ТАСС / Юрия Тутова

Қазақстан түрмелеріндегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының түрмеде отырған әйелдердің бір бөлігіне рақымшылық шарасын қолдану туралы сауалына жауап берді.

— Бүгінгі таңда 6 399 әйел қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Оның 2 692-сі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталса, 3 707-сі пробациялық бақылауда. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1 220 әйел жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасағаны үшін 2 002 әйел сотталды, олардың 1 766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын және орташа қылмыстар жасаған. Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5 055 әйелге жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін, — деп жазылған жауапта.

Министрлік жауабында рақымшылықты қарау кезінде жасалған қылмыстың ауырлығымен қатар, сотталғандардың әлеуметтік жағдайын қосымша ескеру қажеттігі айтылған. 

Ресми дерек бойынша, сотталғандардың ішінде 29 әйелдің мүгедектігі бар (I топ — 3, II топ-3, III топ — 15), 60 жастан асқан 243 әйел (ТМ-152, ПҚ-91), 13 жүкті әйел, 58 кішкентай балалары бар (3 жасқа дейін) және 226 көпбалалы ана бар.

— Бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жолымен (3 910) өтелмеген талап-арыздары бар әйелдер үшін жазаны жеңілдетуді көздеу қажет. Алайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының талаптарын ескеру қажет, оған сәйкес заң мен сот алдында барлығы тең. Ешкімді жынысына байланысты кемсітуге болмайды. Әлеуметтік осал адамдар санатына жататын сотталған ерлер саны — 920 адам (I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ҰОС қатысушылары, зейнеткерлер, толық емес отбасылар). Сонымен қатар, бірінші рет сотталғандарды және зорлық-зомбылықсыз қылмыстар жасағандарды босату мәселесі жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды ескере отырып, одан әрі талдауды қажет етеді. Осылайша, екі мыңнан астам сотталғанды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беруі ықтимал (1 сотталғанға жалпы шығындар күніне — 2 900 теңге, тиісінше жылына — 2,1 млрд теңге), — делінген жауапта.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді