«Украина үшін»: Ұшақта төбелескен қазақстандықтар 54 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2025, 14:14
1180
«Украина үшін»: Ұшақта төбелескен қазақстандықтар 54 млн теңге айыппұл төлейтін болды бейнежазбадан алынған кадр

Ұшақтағы екі қазақстандық пен украиналық жұп саяси талқыдан соң төбелесіп қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Анталиядан Астанаға бағыт алған Pegasus Airlines рейсінде саяси көзқарастар салдарынан украина мен қазақстан азаматтары арасында жанжал шықты. Салдарынан ұшақ Эрзурумға шұғыл қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Оқиға 14 ақпанда болды. Clash Report басылымының мәліметінше, саяси келіспеушіліктерге байланысты Украинадан келген жұп пен екі қазақстандық арасында жанжал басталған. Даудың арты тез арада төбелеске ұласып, ұшқыштарды шұғыл қону туралы шешім қабылдауға мәжбүр еткен.

"Украинадан келген жұп пен ресейді жақтаушы екі қазақстандық Pegasus Airlines рейсінің Анталья — Астана бортында төбелесті. Ұшақ Эрзурумға мәжбүрлі түрде қонды. Төртеуі де ауруханаға жеткізілді. Кейін полицияға тапсырылды", — деді басылым.

Оқиғадан кейін Pegasus Airlines компаниясы жанжал шығарғандарға зиянды өтеу туралы талап қойды. Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақты мәжбүрлеп қондыру және жанармай құю құны 120 мың АҚШ долларын құрайды.

Ал жолаушылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылып-тартылмауы әлі белгісіз.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды