Еліміздегі әйелдердің қаншасы жұмыспен қамтылған

07.03.2023, 16:12
506
Еліміздегі әйелдердің қаншасы жұмыспен қамтылған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысында әйелдерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Тамара Дүйсенованың сөзінше, республикада 4,3 млн жұмыспен қамтылған әйел бар. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48%-ына тең.

Әйелдердің 35%-ы сауда және қызмет көрсету саласында, 32%-ы білім, денсаулық сақтау және ғылым саласында, 14%-ы өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте, 9%-дан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

"Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Мәселен, 536 мың әйел адам жұмысқа орналастырылды, бұл барлық жұмысқа орналастырылған азаматтардың 55 -ына тең. Ал биыл жылдың екі айында бұл көрсеткіш 92 мыңнан асты", – деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, жас әйелдердің мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу кезінде белсенділігі жоғары. Былтыр 30 мыңға жуық қыздар алғаш рет жұмысқа орналасты.

"Мемлекеттік қолдаудың тағы бір маңызды шарасы - содан кейін жұмысқа орналасу немесе өз ісін ашуға апаратын оқыту, Өткен жылы 80 мыңға жуық әйел кәсіпкерлік негіздері бойынша курстардан өтті. Оқыту қорытындысы бойынша 13 мыңға жуық әйел грант алды. Оның 58% - ы тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті технологиялық жабдықтар мен мүкәммал сатып алды, ал 31% - ы мал шаруашылығымен айналысып, мал сатып алды", – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Әйелдер бизнесті құрудың сәтті мысалдары ретінде Тамара Дүйсенова кондитерлік цех ашқан Қызылорда облысы Шиелі ауданының көпбалалы анасы Гүлзия Мұратбекқызының және гипс пен резеңкеден жасалған бұйымдар шығарумен айналысқан Ақтөбе облысының тұрғыны Ақманат Жолаушыбаеваның жобалары туралы айтып берді.

Сонымен қатар министр былтыр зейнет жасына дейінгі адамдар үшін "Күміс жас" жобасы іске қосылғанын, оның шеңберінде 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылғанын, оның 50%-ы әйелдер екенін атап өтті. Жоба қатысушылары оны сәтті деп санайды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласынан Тамара Стрельникова кіші медбике ретінде жұмыс тапты, ал Қарағанды облысының Осакаровка ауылынан Татьяна Адамович кондитер болды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады