659

АҚШ Трамптың туған күнін мемлекеттік мерекеге айналдырмақ

Дональд Трамптың туған күнін мемлекеттік мерекеге айналдыру жөнінде заң қаралады.

АҚШ Трамптың туған күнін мемлекеттік мерекеге айналдырмақ
Reuters / Carlos Barria

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тағы Республикалық партияның Өкілдер палатасының өкілі Клаудия Тенни Конгреске президент Дональд Трамптың туған күнін мемлекеттік мерекеге айналдыру туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Тенни өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Джордж Вашингтонның туған күні мемлекеттік мереке ретінде танылғандықтан, біз Американың алтын ғасырының негізін қалаушы ретіндегі еңбегін мойындау үшін президент Трамптың туған күнін де атап өтуіміз керек, - деп жазды Тенни.

Ол тиісті заң жобасы қарауға енгізілгенін айтты.

Дегенмен бұл ұсыныс желі қолданушыларының көңілінен шыққан жоқ.

«Бұл әзіл ме?», «Әрине, тойлаңыздар, сол арқылы азық-түлік бағасын төмендетуге болады», «Бұдан да маңызды жұмыстарыңыз бар шығар деп ойлаймын», - деп жазды көпшілік.

Бұған дейін қаңтарда республикалық конгрессмен Эддисон Макдауэлл де Вашингтондағы Даллес халықаралық әуежайын Трамптың атымен атауды ұсынған.

Материал авторы