Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суына батып кетті

07.03.2023, 19:39
574
Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суына батып кетті

Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суы басқан жолдан түсіп кеткен. Көліктегі жолаушылар зардап шекпеген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгін WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желіде «Миялы-Сағыз» аралығындағы жолды су басқаны туралы видео тарады.

Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік жолдан түсіп кеткен.

Оқиға «Миялы-Сағыз» бағытындағы жолдың 35-шақырымындағы Соркөл ауылының маңында болған.

Атырау облысы әкімі мен облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметтері бұл деректі растады.

«Бүгін, 7 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 06:30 шамасында Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылынан шыққан такси жүргізушісі көлігімен Соркөл ауылының тұсында жолдан шығып, жиектегі суға түсіп кеткен. Оған көлікті қатты жылдамдықпен жүргізіп, басқару жүйесін игере алмағаны себеп болған. Көліктегі жолаушылар зардап шекпеген. Жолаушылар Соркөл, Сағыз ауылдарына жеткізілді», -деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған жолда көлік қозғалысы шектелмеген. Еріген қардың суынан жолға төніп тұрған қауіп жоқ.

«Қызылқоға ауданындағы «Миялы-Сағызы» тас жолының 35-шақырымында қардың еруінен ағын су пайда болып, тас жолды басқан. Осыған байланысты аталған жолмен жүретін көлік жүргізушілерінен сақтық шараларына аса мұқият болуды ескертеміз», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы 36 елді мекенді су басуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген