Еліміздің батысында балалар жаппай қытайлық соя еті таяқшасынан уланып жатыр

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 14:16
662
Еліміздің батысында балалар жаппай қытайлық соя еті таяқшасынан уланып жатыр әлеуметтік желіден

Қобда ауданында орта мектептің 4-сынып оқушылары ауруханаға түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі болғандай мектеп оқушыларының бірі жергілікті дүкеннен соя етінен жасалған «Лобстер» деп аталатын жеңіл тағам сатып алып, сыныптастарын тамақтандырған. Кейін балалардың бас айналу, жүрек айну, әлсіздік, кейбіреулерінің көзінен жас ағып, денелерінде бөртпелер пайда болғанына шағымдана бастаған. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Балалар сол күні, яғни 18 ақпанда тамақтан улану диагнозымен ауруханаға түскен. Оның үстіне таяқшаларды жеген балалар ғана емес, олардың қасында жүрген сыныптастары да уланған. Олар қытайлық өнімнің өткір иісінен өздерін жайсыз сезінген.

– Аудандық ауруханада қазір тоғыз бала дәрігерлердің бақылауында. Олардың жетеуі өнімді жеді, екеуі жақын жерде, бір сыныпта болды. Жағдайы тұрақты. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді, тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Қалған мектеп оқушыларының жағдайы жақсарған соң үйлеріне жіберілді.

Ал, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті дүкенде растайтын құжатсыз қытайлық «Лобстер» сатылғанын атап өтті. Өнімдерде техникалық регламентке сәйкес таңбалар болмаған.

Оқиғадан кейін Ақтөбедегі дүкендерде қытай таяқшаларының бар-жоғы тексерілді.

– Тексерілген 45 дүкеннің екеуінен бұл өнімдер табылды. Ол зертханалық тексеруге жіберілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері де түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, дейді Ақтөбе облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды