«Қант диабетіне арналған дәрі»: Әжесінің дәрісін ішіп қойған бес жасар қыз қайтыс болды

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 14:55
817
«Қант диабетіне арналған дәрі»: Әжесінің дәрісін ішіп қойған бес жасар қыз қайтыс болды oxu.az

Дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қала алмады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжанның Бейлаган ауданында қайғылы оқиға орын алды, бес жасар Дениз Таирли қант диабетіне қарсы дәріден уланып, көз жұмды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, бала түнгі уақытта қараусыз қалып, дәріні ішіп қойған.

15-20 минуттан кейін отбасындағы кіші бала әпкесінің дәрі ішіп қойғанын байқайды. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырып, Денизді Бейлаган орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, – деді туыстары.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Бейлаган ауданындағы бұл қайғылы жағдай ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын тағы да еске салады. Дәріден улану секілді жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды