«Полиция ештеңе істемеді»: Оқушы баланы немере ағасы жылдар бойы зорлап келген

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 18:10
1091
«Полиция ештеңе істемеді»: Оқушы баланы немере ағасы жылдар бойы зорлап келген pixabay.com / bngdesigner

Әкесі қайтыс болғанын пайдаланып, баланы ағасы өз қамқорлығына алған, Солай оны 11 жасынан бері тоқтаусыз зорлап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда оқушы немере ағасын жыныстық зорлық жасады деп айыптады.

Алматыда оқушы бірнеше жыл ағасынан зорлық көргенін айтты

Алматыда оқушы немере ағасын жыныстық зорлық жасады деп айыптады.

Жәбірленушінің айтуынша, полиция оның мәлімдемесіне әрекетсіздік танытқан.

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы "One-Stop - Service-Бір қадам" жобасының жетекшісі Айман Омарова бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған бала туралы айтып берді.

Ол жәбірленушінің қорға 19 ақпанда жүгінгенін хабарлады, өйткені полициядан нәтиже болмаған.

Баланы әкесі қайтыс болғаннан кейін әкесінің ағасы тәрбиелеу үшін алып кеткен. Бала 11 жаста болғанда, ағасының ұлы оған жыныстық зорлық-зомбылық жасай бастаған. Бұл шамамен үш жылға созылған. Бала бұл туралы ешкімге хабарламаған. Ақыры соңында басынан өткізген жағдайларды әпкесіне айтуға бел буған, - дейді Айман Омарова.

Әпкесі зорлық көрген інісін алып полицияға арыз жазуға барғанмен, арыздары қабылданбаған.

Кәмелетке толмаған жәбірленушіден психологтың, адвокаттың қатысуынсыз жауап алынды. Ол тергеушінің қысымына ұшырады. Онысымен қоймай, полицияға ағасының туыстары келіп, психологиялық қысым жасады, - дейді ол.

Полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

19 ақпанда Жетісу ауданының ПБ-да інісіне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны өтініш білдірді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімнің туысы полицияға жеткізілді.Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.

Полиция сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды