Маңғыстаудағы басқарма 1,3 млрд теңгеге бір ғана өрт сөндіру көлігін сатып алмақ

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 19:33
519
Маңғыстаудағы басқарма 1,3 млрд теңгеге бір ғана өрт сөндіру көлігін сатып алмақ Stock Photo

Төтенше жағдайлар департаменті бір ғана көлік үшін бюджеттен 1,3 млрд теңге жұмсамақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті 1,3 миллиард теңгеге бір ғана өрт сөндіру көлігін сатып алатыны туралы ақпарат тарады. Ақпарат Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған. Онда алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі де көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мән-жайды сұрап білген. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақтауда көпқабатты үйдің жоғары қабатында тұратын адамдарды төтенше жағдай кезінде құтқару үшін өрт сөндіру техникасын сатып алу қажеттігі туындады. 

"Ақтауда көпқабатты үйлер көбейген. Соған байланысты жоғары қабаттардағы адамдарды құтқару, эвакуациялау және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізу үшін өртке қарсы баспалдақ, арнайы өрт сөндіру техникасын сатып алу қажеттігі туындады. Төтенше жағдайлар министрінің жарақтандыру нормалары туралы бұйрығына сәйкес, Ақтау қаласында ұзындығы 50 метрден асатын 2 бірлік әуе сатысы қажет. Қазіргі уақытта облыста биіктігі 35 метрге дейінгі 10 бірлік және 54 метрге дейінгі 1 бірлік техника бар. Оның ішінде 3 бірлік стандартты пайдалану мерзімінен (15 жылдан астам) жұмыс істеп тұр. Осыған байланысты, апаттық-құтқару жұмыстарын жеделдету үшін жылжымалы лифтпен, өртті сөндіру үшін тұрақты су беру үшін бақылау шүмегімен, түнгі уақытта авариялық-құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргізуге арналған жарықтандыру құрылғысымен, зардап шеккендерге арналған зембілмен, қажетті электр қуатымен жұмыс істейтін 202 В көзі бар заманауи көпфункционалды арнайы техника сатып алу қажеттігі туындады", – делінген хабарламада. 

Департамент мәліметінше, отандық өндірушілер талап етілетін техникалық сипаттамалары бар әуе сатыларын шығармайды. Сондықтан құрал жабдықтарды шетелдік өндірушілерден сатып алу жоспарланып отыр, дейді. 

"Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігін және төтенше жағдай кезіндегі әрекеттердің тиімділігін арттырады. Арнайы әуе сатысының бағасы өндірушілер ұсынған баға ұсынысы бойынша бәсекелестік жағдайында мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды", – делінген хабарламада. 

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?