«Жетіспеген ақшаны үстіне жауып жіберген»: Суицид жасаған бухгалтердің туыстары оның өліміне басшылықты кінәлады

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 16:57
1441
«Жетіспеген ақшаны үстіне жауып жіберген»: Суицид жасаған бухгалтердің туыстары оның өліміне басшылықты кінәлады жеке мұрағатынан

ШҚО-да есепші әйел басшылық 3,5 миллион теңгені төлеуге мәжбүрлегені үшін өзіне қол салған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында өзіне қол салған бухгалтердің туыстары әйелдің өліміне басшылықты кінәлап жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 31 жастағы бухгалтер Ангелина Хон өз-өзіне қол жұмсады. Туыстары оны жұмысында қысым көріп, 3,5 миллион теңгенің жетіспеуіне кінәлағанын айтады. Ангелина мейрамханада қалып, қарызды төлегенімен, басшылық тарапынан теперіш көрген. Ол өлер алдында ет жақындарына және басшысының әйеліне жазба қалдырып кеткен. Бұл туралы Сmn.kz порталы жазды. 

Марқұмның анасы Роза "Не молчи" қорына жүгініп, көмек сұрады. Ол қызының "Достық" мейрамханасында жұмыс істегенін айтты. Соңғы екі айда ол құрбысына дауыстық хабарламалар жіберіп, өзін ұры деп айыптап жатқанын, қатты қысым көріп, шаршағанын айтып шағымданған. Розаның айтуынша, қызының басшысы – өңірдегі белгілі кәсіпкер Мұрат Сайлаубаев. халық арасында "Дядя Коля" деген атпен танымал, ірі кәсіпкер және ауыл шаруашылығы магнаты. Сайлаубаевтар отбасы миллиондаған айналымы бар ондаған компанияларға иелік етеді. 

Анасының айтуынша, "Достық" мейрамханасы ашылған соң Ангелинаны сонда ауыстырып жіберген. Бастапқыда Ангелина кассир болып жұмыс істеген, кейін оны бухгалтер ретінде мейрамханаға ауыстырады. Ол бұл жұмысқа барғысы келмеген, бірақ амалсыз көнген. Кейін мейрамхананың ісіне Сайлаубаевтың әйелі Мадиша араласа бастаған. Анасының сөзінше, ерлі-зайыптының ұлдары әртүрлі тапсырма беріп, жұмысты қиындатқан. Марқұл әйелдің анасы Роза бұл жетіспеушілік Өзбекстаннан келген аспаздар мен әкімшілердің әрекетіне байланысты деп сенеді. Олар тексеруден кейін Қазақстаннан кетіп қалған.

"Қызым кімнің бұйрығын орындау керек екенін білмей дал болды. Қате жасаса, ұрыс естіп, қысым көретін. 2024 жылдың қарашасында мейрамханада тексеріс жүргізілді. Осылайша 3,5 миллион теңге жетіспеушілік анықталды. Сайлаубаев бұл ақшаны біреуге жабуы керек еді. Аудитор 3,5 миллион жетіспейтінін айтты. Бірақ ол "Оны үш есе көбейтіңдер" деді", – деп есіне алады анасы.

Ангелина несие алған, бірақ жұмыс істеп жүріп, соманы төлеп отырған. Сонымен қатар ол 9 жасар ұлының шетелдегі емін қаржыландыруы керек еді.

"Жұмыстан шыға алмаймын, өйткені олар мені кінәлі деп ойлайды," – деп анасына айтқан екен.

Розаның айтуынша, басшылық басында оған жақсы қараған. Бірақ кейіннен бүкіл ұжымды Ангелениға қарсы қойған. Бұрын араласқан әріптестері артынан ғайбат айтып, сыртынан жамандай бастаған. Ал бастығы оны жеке кабинетке қамап, айқайлап, кемсіткен. Бұл Ангелина үшін соңғы соққы болды. Ол өлімге дайындала бастады. Өлерінің алдында Ангелина тамақ та ішпей, су да ішпей, үнемі жүрегі айнып жүрген.

"27 қаңтарда оның туған күні болды. Сол күні бастық оны кабинетке қамап, айғайлап, қорлады. Қызым жылап: "Ешнәрсе алған жоқпын" деп ақталды, бірақ ол қатты ашуланып, бақырды. Бұл соңғы тамшы болды. Бұдан кейін қызым өмірімен қоштасуға дайындала бастады," – дейді анасы.

Бұрынғы күйеуінің айтуынша, Ангелинаны бірінші болып оның ағасы тауып алған. Кейін тінту кезінде көптеген қоштасу хаттары табылды. Туыстарына, достарына, тіпті жұмыс беруші Мадиша Сайлаубаеваға да жазған. Алайда Максат оның бұл хатты алған-алмағанын білмейді. Ангелина бұрынғы күйеуіне жазған хатында ажырасқаны үшін кешірім сұрап, оны әлі де жақсы көретінін айтқан.

"Өзімді мықтымын деп ойладым, бірақ шыдай алмадым" деп жазыпты. Қазір оны барлық жағынан қаралап, өлгеннен кейін де айыптауларын тоқтатар емес. Бірақ оның жақсы есімі сақталуын қалаймын. Әділ тергеу жүргізілуін сұраймын," – дейді бұрынғы күйеуі Мақсат.

Роза бірнеше рет басшылықпен сөйлесуге тырысқан. Бірақ олар кездесуден қашқан. Журналистер де хабарласқан, бірақ еш жауап алмаған. Қазір анасы әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілердің жазаланғанын талап етеді. Шығыс Қазақстан облысы полициясы бұл оқиға бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дабыл! Астана аспаны жабылады! Қарттарды әбден азаптаған пансионат қызметкері небәрі 3 жылға сотталды Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады Екі сутенер әйел 14 жасар қыздың тәнін саудаға салып, есірткімен улаған (ВИДЕО) Балалардың балабақша шатырына шығып ойнағаны, жұртты шошытты (ВИДЕО) Келінін балағаттаған мас қайын атаға заң арақ ішуге тыйым салды Семейде әйел адамды жүк пойызы басып кетті (ВИДЕО) Енді 59 жастағы ерлер мен 57 жасқа дейінгі әйелдер ғана «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тәлім ала алады «Бұршақ, жел, жаңбыр»: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Президенттікке кандидат боламын деп шештім»: Дина Төлепберген маңызды мәлімдеме жасады Кәріз шұңқырына құлап, қаза тапқан 6 жасар баланың туыстары әкімдікті кінәлап отыр «Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін айтты 12 жасар қызды зорлаған жетісулық педофил өмір бойына сотталып кетті Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты Ақтөбелік жасөспірімдер TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті 15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді LRT-ның ақшасын жымқырған күдіктілердің бірі қайда екенін Интерпол анықтады