Перизат Қайратқа мүгедек балаларды сылтауратып 22 млн теңге жымқырды деген айып тағылды

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 18:15
561
Перизат Қайратқа мүгедек балаларды сылтауратып 22 млн теңге жымқырды деген айып тағылды жеке мұрағатынан

Су тасқыны мен Палестинаға көмек деп ақша жинаған Перизат Қайрат бұдан бөлек мүгедек балаларға арналған орталық салу үшін халықтан жинаған қаражатты да қолды қылды деген күдікке ілінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 қаңтарда Перизат Қайратқа қатысты мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәселесіне қатысты сұрақтарды алға шығарды.

2021 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Ақмола облысында "Батыр" қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу мақсатында қайырымдылық аукционын өткізген. Оның айтуынша, аукцион нәтижесінде 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге болатын ғимарат сыйға тартылған.

Тергеу барысында анықталғандай, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге ғана жиналған. Перизат Қайрат бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар, ол "Батыр" қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге тұратын жер телімін сатып алғанын мәлімдегенімен, бұл участокты бірлестіктің өзі 2019 жылы сатып алғаны белгілі болды.

Перизат Қайрат берген мәліметтерге қарамастан, оңалту орталығының құрылысы әлі басталған жоқ. Сондай-ақ, орталыққа қажетті делінген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды