Павлодарда әрбір үшінші отбасы жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінеді

08.03.2023, 09:48
492
Павлодарда әрбір үшінші отбасы жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінеді

Павлодарда былтыр 90-ға жуық отбасы ата-ана бақытына кенелді, деп хабарлайды smartnews.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылы аймақ бойынша 281 жұп экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасынан өткен.

ЭКҰ іске асыру кезінде ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлінді. «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілетін квотаны аудандардан келген 75 ерлі-зайыпты алған. Облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына 103 квота берілсе, Ақсуға 16, Екібастұзда 87 жұп квотаға ие болған.

«Барлық ерлі-зайыптылар бағдарламаны аяқтады.Оның ішінде оң нәтижеге қол жеткізіп, ата-ана бақытына қол жеткізген 86 жұп бар. Олардың арасынан екі отбасында егіздер дүниеге келді. Өкінішке қарай, 161 жұп теріс нәтиже алса, қалған 34-і күту кезеңінде», - делінген басқарма берген ақпаратта.
2021 жылы Алматы және Астана медициналық орталықтарына ЭКҰ тегін жүргізу үшін өңірге 290 квота бөлінген. Олардың ішінде ерлі-зайыптылардың 38,6% - ы оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Оның арасында үш егіздер мен екі үшем дүниеге келді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЭКҰ бағдарламасының 11 жылында Павлодар облысына 335 квота бөлген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды