Науқастың қайтыс болғаны үшін Ақмола ауруханасы 5 млн теңге төлейтін болды

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2025, 11:33
496
Науқастың қайтыс болғаны үшін Ақмола ауруханасы 5 млн теңге төлейтін болды JOSE LUIS CARRASCOSA MARTINEZ/ karrastock - stock.adobe.com

Марқұмның туыстары дәрігерлерді сотқа берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облыстық сотында төрт жыл бұрын әйелге тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлерге қатысты іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

2021 жылы Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны "гипергликемиялық жағдай" диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Төрт сағаттан кейін дәрігерлер оның көз жұмғанын айтқан.

Марқұмның бауыры ауруханадан моральдық шығын өндіріп алу туралы талап арыз беріп, оның әпкесі медицина қызметкерлерінің өз кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан көз жұмғанын алға тартқан.

Сот аурухананы моральдық шығын ретінде талапкерге 1,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Алайда талапкер бұл соманы аз деп тауып, сот шешіміне шағым түсірді.

"Ақмола облыстық соты істі қарау барысында денсаулық сақтау департаментінің қорытындысына сүйене отырып, пациенттің ішкі қан кету салдарынан қаназдықтан қайтыс болғанын анықтады. Дәрігерлер оның жағдайын дұрыс бағаламаған, емдеу диагностика хаттамаларына сәйкес келмеген. Консилиум, ультрадыбыстық зерттеу, тар бейінді мамандардың кеңесі және шұғыл ота жасалмаған. Көрсетілген медициналық қызмет сапасыз болып, науқастың жағдайын нашарлатып, оның өліміне әкелген”, – делінген ақпаратта.

Сарапшылардың пікірінше, уақтылы диагностика, мамандар кеңесі және хирургиялық араласу жасалғанда, әйелдің өмірін сақтап қалуға болар еді. 2021 жылы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, алайда 2024 жылы қылмыстық жауапкершілік мерзімінің өтуіне байланысты іс жабылған.

"Істің мән-жайын, талапкердің моральдық азабын, кінәнің түрін (абайсыздық) ескере отырып, сот бірінші инстанция шешімін өзгертті. Моральдық шығын өтемақысының мөлшері 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды", – делінген сот хабарламасында.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді