1319

Әнші Әли Оқапов әйеліне қымбат көлік сыйлады

Біреулер көлікті 500 миллион теңгеге бағаласа, екіншілері 15 миллионнан аспайды деп отыр.

Әнші Әли Оқапов әйеліне қымбат көлік сыйлады
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Роза Рымбаеваның ұлы, белгілі әнші Әли Оқапов өзінің жұбайына су жаңа көлік сыйлады.

Бүгін бізде ерекше әрі ғажайып күн, өйткені бүгін менің жарыма су жаңа көлік сыйлаймыз. Бұл – тосын сый. Ол ештеңе білмейді. Бүкіл отбасым – анам, балам, бауырым бәрі осында. Әйелім мұндай сый-сияпатты қуана қабылдайды деп ойлаймын, – деп жазды өнер иесі.

Әнші сый ретінде қытайлық EXEED көлігін таңдаған. Желіде көліктің құнына қатысты пікірталас басталды. Біреулер көлікті 500 миллион теңгеге бағаласа, екіншілері 15 миллионнан аспайды деп отыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор