Жеделсаты ішіндегі оқиға: Қарағандылық оқушы қыздың анасы сот үкімімен келіспейді

08.03.2023, 11:49
399
Жеделсаты ішіндегі оқиға: Қарағандылық оқушы қыздың анасы сот үкімімен келіспейді

Бір тұрғын үй кешенінде тұратын ер адам мен 14 жасар қыз жеделсатыға бірге кіреді. Оңаша сәт ер адамның арам пиғылына қозғау салған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қаланың қақ ортасында 14 жастағы қыздың артынан еріп, жеделсатыға ілесе бірге кірген азаматтың әр әрекеті бейнежазбада таспаланған. Қарсылық көрсеткен жеткіншекті сыртқа шығармай, қысым көрсеткен жігіт кейіннен анықталғандай, 23 жастағы тұрғын болып шығыпты. Оның үстіне, арам ойдың арбауында қалған азаматтың отбасылы екені анықталған. Сот оған үш тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Қарағандылық оқушының анасы бұл үкіммен келіспейді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

"Үйге шақырдым. Ойымда арам ой болды, оны мойындаймын. Істеп тұрған нәрсемнің бәрін мойындап тұрмын", – деді күдікті.

Күдікті кінәсін толық мойындағанымен, аталған іс зорлық-зомбылық фактісі деп танылмайды. Сондықтан, сот шешімі қарапайым. Ал оқушының анасы аталған үкіммен келіспейтінін айтып, жазаны қатаңдатуды сұрап отыр.

"К есімді азамат сот шешіміне сәйкес, адамды қорлап, тиіскені үшін кінәлі деп танылды. Оны әкімшілік жазалау мақсатында 3 тәулік қамау туралы шешім бар. Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", – деді Мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алексей Ан.

"Бұл жағдай қызымның психологиясына қатты әсер етті. Қазір ер адам көрсе, қорқатын болған. Мен соттың шешімімен келіспеймін. Мұндай жағдайға қалай ғана 3 күндік қамау туралы шешім шығаруға болады?" – деді жәбірленушінің анасы Альмира Әбдікәрімова.

Әділдік іздеп шарқ ұрған ана әлі де арыз жазатынын айтты. Қазір қыздың отбасы басқа үйге көшкен.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты