«Мазағы әлі күнге дейін құлағымда»: тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет күйеуін көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2025, 16:17
1045
«Мазағы әлі күнге дейін құлағымда»: тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет күйеуін көрсетті жеке мұрағатынан

Он бес жыл өте шығыпты дейді журналист.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал тележурналист, продюсер Дина Төлепберген алғаш рет жолдасының фотосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

БАҚ өкілі ер мен әйелдің арасында болатын қарапайым қарым-қатынасқа қатысты ойын айтты. 

“Ол саған есік ашып жүр ме, сонда?! Әріптестерімнің осы бір мазағы әлі күнге дейін құлағымда. Олар менің болашақ жұбайымның жұмыс алдына келіп, көлігінің есігін ашып тұрғанын көрген екен. Әлдеқайдан бір әңгіме естіп алғандай, мысқылмен күлкісін жасыра алмай отыр. Бұл 2010 жыл еді... Қазір 2025. Он бес жыл өте шығыпты, бірақ таңғалатыным – ештеңе өзгермеген. Әйелге есік ашу, пальтосын киюге көмектесу, жаңбыр жауса қолшатырды ұстау, шотты төлеу – осылардың бәрі әлі бітпейтін тақырып. Ең қызығы – еркектің қарапайым құрметін кей “данышпандар” мазаққа айналдырады”, – деп жазды журналист. 

Сондай-ақ медиа маманы кітап жазып жатқанын айтып, екі адамның арасындағы сезімнің ұлағаюына ықпал етпек. 

“Ақылды біреу айтқан екен: адам – табиғатынан жақсы. Егер ол жамандық жасаса, жүрек түкпірінде бір жері бәрібір ауырып тұрады. Бірақ ұятын жеңу үшін, яғни өз кінәсін ақтап алу үшін өзгеден мін іздеуге көшеді.

Мысалы, бір еркек әйеліне опасыздық жасап қойды делік. Бірақ өзін ақтау үшін: "Маған көңіл бөлмейді", "Өзін күтпей кеткен", "Толып кетті...", "Қанша ақша берсең де, жетпейді". Осылайша өз күнәсін өзгенің мойнына арта салады.

Бір түндік романдарға әуес жігіттердің "Мен тек пәк қызға үйленем" деп күпінетініне таңғаламын. Иә, “Еркектік логика” деген өте қызық ғалым екен.

Өзімнің ойларым мен журналист ретінде зерттеген тақырыптарымның тереңін қазір кітабыма жазып жатырмын. Тұңғыш туындымды “Менің ақиқатым” деп атадым. Кітап басылып шыққанша, бос жүрмеңіз”, – деп деп жақсы жаңалығын бөлісті. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады