«Меккеден келе салып, арақ іше ме?»: Қыдырәлі Болманов тойдағы ісіне қатысты жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2025, 16:53
1632
«Меккеден келе салып, арақ іше ме?»: Қыдырәлі Болманов тойдағы ісіне қатысты жауап берді жеке мұрағатынан

Бір Аллаға тапсырдым деп ашуланды әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов қажылық сапардан келген соң Шымкенттегі тойлардың бірінде өзіне қатысты айтылған қауесетке қатысты нүкте қойды.

Шымқалада болған осы тойды біреулер ән айтып тұрған видеомыздың бетіне баттитып: «тойда мас болғандары ұят болды», – деп Қарақатты да қосып жіберіпті. 5-6 камера басынан аяғына дейін түсірген, той иесі бар, той қонақтары бар, ұйымдастырушылар, бізге дастарқан жайып, қызмет көрсеткен даяшы қыздар бар. Куә жеткілікті, Құдайға шүкір! Сол қыздар-ақ дастарқанда арақ-шарап болмағанына куә!, – деді ол. 

Қыдырәлі Болманов қажылық сапардан келген соң осындай жала жабылғанына аң-таң болып отыр.

Маған не айтсаңыздар да өздеріңіз білесіздер, бар жаманды маған айтыңыздар, өтініш! Қасиетті жерге барып келген сапарымызға көлеңке түсіріп, ол видеоны көрген адамға күмән салып жүрген пенденің мақсаты не болуы мүмкін, құрметті оқырман?! Күнә жинағаннан басқа не пайдасы бар? Осы уақытқа дейін, 25 жылда қол ұстасып, елдің көз алдындамыз, сансыз мадақтар болсын! 25 жылда бірде-бір тойда ешқашан осындай жала жабылған емес, жаман сөз ерген емес!

Есі дұрыс адам Қасиетті Меккеден келе салып, арақ ішеді ме? Оның үстіне, қасиетті ораза келіп қалғанын жақсы білеміз. Өсек-аяң тасып, өтірік айтып, жала жабатындарды Алла кешірсін! Бір Аллаға тапсырдым!, – деп ағынан жарылды.

«Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО)