14 жыл бойы марқұм әпкесінің ұлын іздеген әйел көптің жүрегін елжіретті

Аиса Махамбет Редактор
25.02.2025, 09:46
799
14 жыл бойы марқұм әпкесінің ұлын іздеген әйел көптің жүрегін елжіретті бейнежазбадан алынған кадр

Ақтаулық әйел әпкесінің жалғыз ұлын 14 жыл бойы іздеп келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда 14 жылдан бері марқұм әпкесінің жалғыз ұлын іздеген әйел армандаған сәтіне жетті, ол әскери борышын өтеп жүрген інісімен қауышты.

Көптен күткен кездесу Маңғыстау облысындағы 25744 әскери бөлімінде өтті.

Ақтау гарнизонының мәліметінше, Эльвира есімді әйел 16 жыл бұрын әпкесінен айырылып, жиенін жоғалтып алған. Әпкесінің артында қалған екі жасар Асхат есімді ұлын әкесі өзімен бірге алып, Қазақстанға көшіп кеткен. Кейін ол жаңа отбасы құрды. Ал Асхаттың тәрбиесімен оның атасы мен әжесі айналысты.

Асхат қазір Маңғыстау облысында 25744 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр. Бірнеше ай бойы бөлім командирі, командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, психолог және солдат аналар комитетінің өкілдері Асхатты туған тәтесімен кездесуге психологиялық тұрғыдан дайындады. Осы уақытта Эльвира жиенімен телефон арқылы байланыста болды.

Эльвира жылдар бойы жиенін табуға деген үмітін үзбеген. Ақыры ол Асхаттың Маңғыстау облысында әскери қызметте жүргенін білген соң, дереу солдат аналар комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаевадан көмек сұрады. Комитеттің қолдауымен көптен күткен кездесу сәтті өтті.

Көптен күткен кездесу 25744 әскери бөлімінде өтті. Эльвира мен Асхаттың қайта қауышуы — отбасы құндылықтарының маңыздылығын және туыстық байланыстың мызғымас екенін дәлелдейтін оқиға.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады