Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын зәулім үйін ешкім сатып алмады

25.02.2025, 13:31
747
Кәрім Мәсімовтің 1,8 млрд теңге тұратын зәулім үйін ешкім сатып алмады әлеуметтік желіден

Зәулім үйді сатылымға қойғанмен, оны сатып алушы табылмады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қайтарылған активтерді басқаратын компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйін сатылымға шығарған еді.

25 ақпан күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді.

Сатып алушылардан 117,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна талап етілген. Алайда, көрсетілген талаптарға сәйкес келетін сатып алушы табылмады.

Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы — Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат. Үйдің жалпы ауданы — 2877,7 шаршы метр, оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, сарайдың жалпы жер аумағы 0,9475 гектар және қосымша 0,2713 гектар жер телімімен толықтырылған.

Сатылымға үйдің өзімен қоса, жиһаздар, заманауи электронды техника, өнер туындылары және кәдесыйлар да қойылған болатын.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды