Тұздалған қияр жеймін деп қостанайлық ер адам қаза болды

25.02.2025, 14:12
914
Тұздалған қияр жеймін деп қостанайлық ер адам қаза болды Stock Photo

Үйден жабылған бір банка қияр кісі өліміне себеп болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,

Қостанай облысында Түркістан облысынан келген үш тұрғын үй жағдайында дайындалған тұздалған қиярды тұтынғаннан кейін ботулизм диагнозымен ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.

Үш ер адам үйден әкелген тұздалған қиярды жегеннен кейін Рудный қалалық ауруханасына жатқызылды. Лабораториялық зерттеулер олардың ағзасында жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті у – ботулотоксинбар екенін растады.

Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл оқиға соңғы 15 жылда өңірде алғаш рет тіркеліп отыр.

Ботулизм дұрыс дайындалмаған және сақталмаған консервіленген өнімдерді қолданған кезде дамиды. Көбінесе бұл – саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдары, шпинат, сондай-ақ тұздалған және кептірілген балық пен ет өнімдері, – деді Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зауре Елшібаева.

Мамандардың айтуынша, уланудың көзі – Түркістан облысынан әкелінген тұздалған қияр банкісі болып табылады. Сондықтан Қостанай облысы тұрғындары арасында ботулизмнің таралу қаупі жоқ.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды