Бас мүфти «ифтар», «сухур» сөздерін қолдануға қарсы шықты

Аиса Махамбет Редактор
25.02.2025, 16:19
666
Бас мүфти «ифтар», «сухур» сөздерін қолдануға қарсы шықты Shutterstock

Бас мүфти ифтарды ауызашар, сухурды сәресі деп атауға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты ауызашарды "ифтар", сәресіні "сухур" деп атаудан аулақ болуға шақырды.

Оның айтуынша, діни терминдерді қазақ тілінде қолдану ата-баба дәстүрін сақтау болып табылады.

Жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкініштісі, кейбір жас буын ауызашарды ифтар, сәресін сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылман жолын ұстанған ата-бабамыз "ауызашар", "сәресі" деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, жақсы сөзді қолдансақ, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ бас мүфти мұсылман қауымын Рамазан айында сауап жинауға шақырып, әрбір өнегелі істе сауап бар екенін айтты, мысалы, саудагерлер азық-түлік бағасын төмендетсе, арақ-шарап сатудан бас тартса, жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетілсе, бұл қоғамда қайырымдылық пен ізгілікті арттыратынын жеткізді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды