Ақтөбедегі Нұржан Сыдықовтың жантүршігерлік өліміне қатысты іс сотқа жетті

26.02.2025, 09:52
543
Ақтөбедегі Нұржан Сыдықовтың жантүршігерлік өліміне қатысты іс сотқа жетті жеке мұрағатынан

14 жасар Нұржанды жоғары сынып оқушылары «тәрбиелейміз» деп ұрып-соғып өлтірген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушыларының соққысынан кейін көз жұмған 14 жастағы Нұржан Сыдықовтың ісі сотқа жетті.

Бұл туралы Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен жылдың 2 қыркүйегінде Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын "тәрбиелік мақсатта" ұрып-соққан. Соның салдарынан 14 жастағы Нұржан Сыдық ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды.

Істі Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеді. Тергеу барысында процестік прокурор тағайындалып, толық әрі объективті тергеу қамтамасыз етілді.

Алты күдікті қамауға алынды. Негізгі күдікті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен («Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру») сотқа берілді.Қалған бес күдікті 293-баптың 2-бөлігі («Бұзақылық») және 28-баптың 3-бөлігі («Қылмысты ұйымдастыру») бойынша жауапқа тартылды.

Сотта мемлекеттік айыптауды процесс прокуроры қолдайды. Іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, мектептердегі балалар қауіпсіздігі мен буллинг мәселелерін қайта қарау қажеттілігін көрсетті. Сарапшылар мектептерде тәрбиелік жұмысты күшейту және алдын алу шараларын қабылдау маңызды екенін айтады.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды