1680

Семейде баланы ұрып-соққан жасөспірімдердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

Семейде бір топ жеткіншек қатарласын аяусыз соққыға жыққан еді.

Семейде баланы ұрып-соққан жасөспірімдердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды
instagram.com/abai_department_police

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия оқушыны аяусыз ұрып-соққан үш баланың мәселесін қарады.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, комиссия үш жеткіншіктік әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдаған.

Қазір кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберіледі. Онда олармен психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, жеткіншектер қоғамнан уақытша оқшауланып, олармен түзету жұмыстары жүргізіледі, – дейді Департамент бастығының орынбасары Ернар Базаров.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор