Ақтөбелік депутат әйелін ұрып-соқты деген күдікке ілікті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
26.02.2025, 18:48
599
Ақтөбелік депутат әйелін ұрып-соқты деген күдікке ілікті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әйел желіде жылап отырып көпшіліктен көмек сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихат депутаты Болат Аяп әйелді ұрып-соқты деген күдікке ілікті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Kazinform жазды.

Ақтөбеде Жарлы ауылының тұрғыны Күнсұлу Намазбаева әлеуметтік желі арқылы өзін Болат Аяп ұрғанын, өміріне қауіп төнгенін айтып, көмек сұрады. Хабарламадан соң полиция тергеуді бастады. 

- Аталған дерек бойынша Байғанин ауданы полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің «Ұрып-соғу» бабы бойынша іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы Марғұлан Сержанның айтуынша, Болат Аяп №6 сайлау округінің депутаты. 

- Депутат этикасы жөніндегі тұрақты комиссия бар. Бірақ оған әзірге мұндай мәселе түскен жоқ. Бұл оқиғаға қатысты полицияға арыз түскені рас. Полиция ақ-қарасын шығарады. Кінәлі деп танылса, қаралады. Жалпы осыған дейін өзге депутатқа қатысты шағым түсті. Тараптар татуласқан соң тұрақты комиссияда қаралмады, - деді Марғұлан Сержан. 

Күдікке іліккен депутат Болат Аяп қазір тергеу жұмыстары жүріп жатқанын, өзінің қорғаушы жалдағанын айтты. 

- Тергеу жүріп жатқан соң ештеңе айта алмаймын. Бүгін түске дейін тергеуде болдым. Қазір қан қысымым көтеріліп, ауырып отырмын. Жалған дүние екені көрінер. Адвокат жалдадым, - деді Болат Аяп. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды