1095

«200 куәгер, 8 видео»: 62 томнан тұратын Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды.

«200 куәгер, 8 видео»: 62 томнан тұратын Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс сотқа жіберілді
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілген. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмысқа қатысты 8 бейнематериал зерттелді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор