Енді заңды куәліксіз неке қиған имамдар жазаланады

Аиса Махамбет Редактор
27.02.2025, 12:50
583
Енді заңды куәліксіз неке қиған имамдар жазаланады threads.net/sayassat_21

Мешітте берілетін куәлік «жалған неке» саналады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев мәжіліс депутаттарына берген жауабына Қазақстандағы жалған некелерге қатысты жауап берді.

Үкімет өкілінің сөзінше, жалған ажырасу жағдайында теріс пайдалану схемаларын болдырмау мақсатында мемлекет кешенді шаралар қабылдап жатыр. Ең бірінші кезекте имамдардың ресми тіркеусіз неке қиюына жауапкершілік күшейтіледі. 

Діни рәсімдер бойынша жасалған неке тіркелген некеге тең келмейді. Имам "неке қию" рәсімін мемлекеттік тіркеусіз өткізілген жағдайда сөгіс түрінде жауапқа тартылады. ҚМДБ ресми тіркеусіз діни неке қиюға жол бермеу және жолын кесу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халық арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, – деді Ермек Көшербаев. 

Ол Қазақстандағы ажырасу мәселесіне қатысты да мәлімет берді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда ажырасу деңгейі төмендеп келеді. Соңғы 5 жылда елімізде ажырасу санының төмендеуі байқалды (2019 жылы – 59796 ажырасу, 2023 жылы – 40227, 32,7%-ға төмендеу). Бұл ретте, БҰҰ деректеріне сәйкес (2024 жылғы қараша) Қазақстанда ажырасу коэффициенті 2019 жылы 1000 адамға шаққанда 3,23-тен 2023 жылы 2-ге дейін төмендеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады