591

Елдегі блогерлер өз еркімен мемлекетке 73,6 млн теңге салық төлеген

12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялаған.

Елдегі блогерлер өз еркімен мемлекетке 73,6 млн теңге салық төлеген
Kanat Ryskulov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламалардан соң 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі.

Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілген. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. Сонымен қатар 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді, - делінген комитет мәліметінде.

Ведомство салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылатын еске салды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор