Алматыда 4 баланы азаптаған қаскөй сотталды

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 15:58
608
Алматыда 4 баланы азаптаған қаскөй сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Ер адам балаларды ұрып-соғып, байлап, тамақтарына пышақ тақаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өткен жылдың 16 ақпанында Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз біреу үйге басып кіріп, төрт балаға шабуыл жасаған еді. Айтуларынша, ер адам оларды ұрып-соғып, байлап, тамақтарына пышақ тақаған. 

Балалардың айғайын көршілері естіп, жүгіріп келген. Күдіктіні полицейлер ізін суытпай ұстап, балалар ауруханаға жеткізілді.

Ол кезде Алматы облысының прокуратурасы сотталушыға Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігінің 5 және 7-тармақтары ( Екi немесе одан да көп адамды Бас бостандығынан заңсыз айыру), 149-баптың 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу), 120-бап 1-бөлігі (Зорлау) және 120-баптың 4-бөлігі (Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау) бойынша іс қозғады. 

Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуратурасының мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында кәмелетке толмаған қызға қатысты "Зорлау" бабы расталды.

"Кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі анықталды. Қорытындысы бойынша қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Сот үкімімен сотталушы И.Б.Н. 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді (сот актісі заңды күшіне енді)", – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабына (Жариялылық) сәйкес кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар туралы, процеске қатысушылардың өмірінің интимдік аспектілері туралы ақпаратты қорғау немесе жәбірленушілердің, куәлардың және олардың туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сотта істер жабық тәртіпте жүргізіледі.

"Сотталушыға қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында өтті. Бұл қылмыстың егжей-тегжейлері жария етілмейді", – делінген хабарламада. 

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды