Иттен қорыққан 7 жасар баланың жүрегі тоқтап қайтыс болды

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 16:39
1506
Иттен қорыққан 7 жасар баланың жүрегі тоқтап қайтыс болды informburo.kz

Оқиға Ақтөбеде болған. 2017 жылы туған бала мектепке барар жолда қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Бірінші сынып оқушысының жүрегі қаңғыбас итті көргеннен кейін тоқтап қалған.

Оқиға 28 ақпанда болған. 2017 жылы туған бала мектепке бару үшін үйден шығып, анасы үйдің есігін жауып келгенше күтіп тұрған. Осы кезде көшеде жүрген қаңғыбас ит оған жүгіріп келгені белгілі болды. Бала одан қатты қорыққан болуы мүмкін.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2017 жылы туған бала есінен танып, содан кейін оның жүрегі тоқтап қалған. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

Анасы сол сәтте есікті жауып, құлыптап жатқан. Бала оны сыртта күтіп тұрған. Осы уақытта ит жүгіріп келіп, бала қорқып, есінен танып қалған. Кейін дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қайтыс болғанын растады, - деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Әлиби Латып.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

28 ақпанда сағат 07:30 шамасында Ақтөбедегі Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды, - ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облысы әкімдігі оқиғаға байланысты брифинг өткізуді жоспарлап отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды