«Жарнамалағымыз келді»: Ақтауда қойды шанаға салып алып сырғанағандар жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
03.03.2025, 12:14
703
«Жарнамалағымыз келді»: Ақтауда қойды шанаға салып алып сырғанағандар жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО) әлеуметтік желіден

Сүйреп келе жатқанда қойдың қатты құлағанын көруге болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде белгісіз адамдардың қойды шанаға салып алып, сырғанаған видеосы тарады. Желі қолданушылары мұны жануарға көрсетілген мазақ деп санап, кінәлілерді жазалауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Видеодан шанаға тиелген қойдың қатты жылдамдықпен құлағанын көруге болады. Желіде тараған видеодан кейін қойды шанаға салып алып сырғанағандар анықталды. Маңғыстау облысының полиция департаменті желідегі ресми парақшасында қой иесінің кешірім сұраған видеосын жариялады. Оның айтуынша, қойдың жағдайы жақсы.

“Біз қойды жарнамалау мақсатында видео түсірген едік. Сол жерде қойды бір адамға сыйламақ болдық. Қойдың жағдайы жақсы, ешқандай жарақат алған жоқ. Оны қорлау ойымызда болған жоқ. Маңғыстау халқынан кешірім сұраймыз және мұндай жағдай енді қайталанбайды деп уәде береміз”, – дейді ер адам видеода.

Десе де желі қолданушылары шанада отырып, сырғанаған адамның басқа, кешірім сұраған адамның мүлдем бөлек екенін айтады.

“Бұл сырғанамаса неге кешірім сұрап отыр”, “Бұл бала емес”, “Құрметті, полиция қызметкерлері, заңды бұзған басқа адам болса, кінәсіз адам жазаланып отыр ма? Әділдік қайда”, “Мен бұл баланы танимын, өте тәртіпті азамат. Видеодан басқа адам”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды