Қазақстанда балықтың кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

09.03.2023, 11:13
832
Қазақстанда балықтың кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті "Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін (жайын және көксерке) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", деп жазылған бұйрықта.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің түсіндіруінше, қайта өңделмеген балықты экспорттауға тыйым салу мәселесі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау үшін пысықталды.

Статистика деректері бойынша өңделмеген балық экспортының барлық көлемінен үлесі ( жылына 22,5 мың тонна) – 12,3 мың тонна болды (55%).

"Өз кезегінде, 2022 жылы барлық өңдеу кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты 31,2 мың тонна балық қайта өңделді, жылына 142 мың тоннаға жуық болатын, яғни жүктеме 22% болды. Кәсіпорындардың жұмыс істемеунің себептерінің бірі балық шикізатының жетіспеушілігі. Осы мәселе бойынша теңдестірілген және ұтымды шешім қабылдау үшін ҚР ЭТРМ балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңестер өткізді", – деп түсіндірді ведомство. 

Осыған байланысты, талқылау барысында айтылған кәсіпкерлік субъектілерінің пікірлерін ескере отырып, бастапқы кезеңде 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттағы үлесі 10% - дан аз жаңа мұздатылған (салқындатылған) және мұздатылған балықтардың экспортын шектеу ұсынылады, бұл жайын және көксерке.

Құжат 14 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды