5 баласымен бірге уланып қаза болған отбасыға қатысты деректер шықты

Аиса Махамбет Редактор
05.03.2025, 09:47
582
5 баласымен бірге уланып қаза болған отбасыға қатысты деректер шықты бейнежазбадан алынған кадр

Маңғыстау облысында ерлі-зайыпты бес баласымен бірге ажал құшты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отбасы газға тұншығып қалған.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында болды. "КТК" телеарнасы мәліметінше, марқұмдардың уланып өлгенін түс уақытында үйіне келген көршілері көріп, құтқарушыларды шақыртқан. Бірақ ол кезде бәрі кеш болды. 

Туыстарының айтуынша, оқыс жағдай жылыту пешінің мұржасына қатқан мұздан болған. Улы газ үй ішіне жайылып, жеті адам тіл тартпай кеткен. Көршілерінің шақыртуымен оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері үйден жеті адамның газға уланып, ісініп кеткен мәйітін тапқан. Оның бесеуі - кәмелетке толмаған бала.

Марқұмдардың туыстары улы газ шатырдың саңылауынан үйге тарағанын айтады.

Осы сәтте ұйықтап жатқан бес баланың бірі оянып, үлкендерге хабарлағысы келген. Алайда есігі ішінен кілттеулі ата-анасының бөлмесіне кіре алмапты. Жалма-жан үйдің терезесін ашуға жүгірген кішкентай бала пердеге асылған күйі ажал құшыпты, - деп жазылған арна мәліметінде.

Осы оқыс жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатыр.

Айта кетсек, қайғылы оқиға, 2 наурызда болған еді.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды