«Төрт баланы асырап алған»: Немересін өлтіріп, есік алдына көміп тастаған әже сотталды

Аиса Махамбет Редактор
05.03.2025, 11:33
492
«Төрт баланы асырап алған»: Немересін өлтіріп, есік алдына көміп тастаған әже сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Көкшетауда сот қаскөй-әжеге қатысты үкім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда асырап алған баланы өлтіріп, оның мәйітін үйінің алдына көміп тастаған әйел мен оның анасы сотталды.

Олар баланың өлімін төрт жыл бойы жасырып, мемлекеттен жәрдемақы алып келген. Бұл оқиға былтыр көктемде бүкіл елді дүр сілкіндірді. Щучинск қаласының ауруханасына басынан ауыр жарақат алған, денесі көгерген бес жасар бала жеткізілді. Оны ертіп келген анасы мен әжесі дәрігерлерге баланың құлап қалғанын айтқан. Алайда, құжаттарын тексеру барысында баланың аты құжаттағы деректермен сәйкес келмейтіні анықталды.

Полиция әйелдің үйіне барып, тінту жүргізген кезде есік алдынан көмілген баланың мәйітін тапты. Тергеу барысында бұл отбасының төрт баланы асырап алғаны белгілі болды. Алайда, олардың бірі төрт жыл бұрын өлтірілген, ал оның құжатымен осы уақыт бойы мемлекеттен жәрдемақы алынып отырған. Сонымен қатар, қалған үш баланың үнемі зорлық-зомбылық көріп келгені анықталды.

Сот үкімі бойынша, баланы өлтірген әжесі 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмысты жасырған, 29 жастағы келіншек – баланың асырап алған анасы 4 жылға сотталды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, еліміздегі асырап алу жүйесінің бақылауын күшейту қажеттігін көрсетті.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)