Экономикалық контрабандамен айналысқан «Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев 9 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
05.03.2025, 13:31
378
Экономикалық контрабандамен айналысқан «Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев 9 жылға сотталды әлеуметтік желіден

22,6 мың тонна дизельді шетелге контрабандалық жолмен шығарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластары сотталды.

ҚМА мәліметінше, Марат Әбиев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-тармағы (ұйымдасқан топты құру және басқару, сондай-ақ оған қатысу), 197-бабы 4-тармағының 1-тармақшасы (мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, сату, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ олардың заңдылығын растайтын құжаттарсыз өңдеу), 234-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы (экономикалық контрабанда) бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқаруға тыйым салынып, қоғамдық бірлестіктерді құруға және басшылыққа алуға байланысты қызметпен 5 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырумен тағайындалды. Оның сыбайластары 8 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген мәліметте.

Сот шешімі бойынша айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, олардың контрабандалық жолмен алынған 6 млрд теңгеден астам қылмыстық табысы тәркіленді.

Бұған дейін агенттік Марат Әбиев пен оның сыбайластары — Антон Новицкий, Жанібек Дарибаев, Евгений Гребнев, Аманай Махметов — қатысты алдын ала тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.

2018-2022 жылдар аралығында аталған тұлғалар ұйымдасқан топ құрып, Ақтөбе облысындағы МӨЗ-да ЕАЭО аумағында көлемі 50,6 мың тонна болатын сатуға тыйым салынған «К-2» экологиялық класты дизель отынын өндірген.

Кейін бұл дизель отыны басқа мұнай өнімі ретінде 11,3 млрд теңгеге сатылды, соның ішінде 22,6 мың тоннасы 6,7 миллиард теңгеге шетелге контрабандалық жолмен шығарылды, - деп қосты агенттік.

Атап өтсек, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан түскен қылмыстық табыс арқылы «Genesis» (немесе «Болашақ сәулетшілері») атты заңсыз қоғамдық бірлестіктің қызметі қаржыландырылған, оны құрып басқарғаны үшін 2023 жылдың 21 тамызында Марат Әбиев 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды