Шерзат Болаттың ісі прокуратураға жетті

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2025, 11:33
499
Шерзат Болаттың ісі прокуратураға жетті SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бас прокурордың орынбасары айыптау актісі жасалып жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенаттың брифингінде Талғарда мерт болған  Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеуі толық аяқталғанын айтты.

Әсет Шындалиевтің сөзінше, қазіргі таңда іс Алматы облысының прокуратурасына жолданып, айыптау актісін дайындау процесі жүріп жатыр.

Тергеу амалдары толығымен аяқталды. Қазіргі кезде іс прокуратураның қарауында, онда тергеудің заңдылығы жан-жақты тексерілуде. Осыдан кейін істі сотқа жіберу мәселесі қаралады, – деді ол.

Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз. Дегенмен заңға сәйкес, прокурор бұл шешімді 10 күн ішінде қабылдауы тиіс. Егер іс күрделі деп танылса, бұл мерзім бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Қазір бұл істі Алматы облысының прокуратурасы қарап жатыр, сондықтан нақты мерзімін айту қиын. Алайда тергеу барысында күдіктілер тізімінде өзгерістер болған жоқ, – деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)