585

Қазақстанда баспана бағасы өсті

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бір жылда (2023 жылғы ақпан 2022 жылғы ақпанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалсы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстанда баспана бағасы өсті

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімі:

Семей – 41%;
Қызылорда – 39,9%;
Ақтөбе – 36,9%;
Ақтау – 35,4%;
Қостанай – 30,9%.

Тұрғын үйді жалға алу бойынша:

Көкшетау – 53,7%;
Қостанай – 51,9%;
Алматы – 49,6%;
Петропавл – 49,3%.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.