Шымкенттік жігіт өз атасын ұрлап одан ақша бопсалаған

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2025, 14:55
655
Шымкенттік жігіт өз атасын ұрлап одан ақша бопсалаған Shutterstock

2004 жылы туған екі жігіт үсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 2004 жылы туған екі жігітке адам ұрлау және қарақшылық шабуыл жасау бойынша үкім шығарды.

Тергеу барысында анықталғандай, 20 жастағы Е. қаржылық қиындықтарға тап болып, өз туған атасын тонауды жоспарлаған. Ол қарияның жинаған ақшасы барын және такси жүргізушісі ретінде жұмыс істейтінін білген. Осы ойын жүзеге асыру үшін спортшы досын серіктес болуға көндірген.

Қылмыс күні олар қарияны аңдып, жоспарын іске асыруға кіріскен. Спортшы досы жолаушы ретінде көлікке отырған соң, қаланың шетіне шыққан кезде жүргізушінің мойнына арқан лақтырып, жұдырықпен ұрып, есінен тандырған. Осы сәтте немересі оларды күтіп тұрған. Жастар қарияны скотчпен байлап, көзін таңып, телефоны мен 30 000 теңгесін тартып алған. Кейіннен спортшы досы мобильді банкинг арқылы ақша аударуды талап етіп, тіпті жәбірленушінің телефоны арқылы онлайн несие рәсімдеуге тырысқан. Барлық келіссөзді тек спортшы досы жүргізіп, немересі өзін танытпауға тырысқан. Ақыры қария банктік шотында 13 миллион теңге бар екенін мәжбүрлі түрде ашып айтқан.

Қылмыскерлер жәбірленушіні көліктің жүксалғышына қамап, банкке барған. Алайда банк қызметкерлері күмәнді аударымға байланысты оларға мұншама ірі соманы беруден бас тартқан. Ашуға булыққан ұрылар қарияны бірнеше сағат бойы жүксалғышта ұстап, ақша аударуды талап еткен. Нәтижесінде, зейнеткер 500 000 теңгені аударуға мәжбүр болды. Осыдан кейін ғана қылмыскерлер оны босатып жіберген.

Төрт күн ішінде екі жігіт полиция тарапынан ұсталды. Сот барысында олар кінәларын жартылай ғана мойындап, тергеу кезінде азаптау арқылы мойындатылғанын алға тартты. Дегенмен, олардың кінәсі толық дәлелденді. Зейнеткер сотталушыларға ешқандай материалдық талап қоймады.

Сот үкіміне сәйкес, екі айыпталушы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді